МҰҒАЛІМДЕРГЕ

«Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы 6–11 жастағы балаларға арналған. Бұл бағдарламаның арқасында балалар үй жануарлары, олардың адам өміріндегі рөлі туралы көбірек біліп, оларға қалай қамқорлық жасап, жақсырақ түсінуге болатынын үйренеді.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді

«Біз – сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасының парақшасына қош келдіңіз! Бағдарлама балалардың бойында үй жануарларына деген жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаны кім әзірлеген?

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу саласындағы сарапшылар

Бағдарлама кімге арналған?

6–11 жас аралығындағы балаларға арналған, мектептер, мектепке дейінгі және қосымша білім беру мекемелеріне жарайды.

Бағдарлама нысаны

Сабақтан тыс әрекет, базалық оқу курстарына кіріктіру

Серіктестер

Қазақстанның ұлттық ветеринарлық палатасы
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
Алматы қаласы білім беру басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы

«Біз – сенің достарыңбыз»
бағдарламасының цифрлық мектебі

Оқушыларыңызға оқу үдерісін біршама қызықты әрі тартымды ету және сабаққа дайындалу кезінде уақытты үнемдеу үшін біздің цифрлық ресурстарымызды пайдаланыңыз!