Бағдарлама туралы

«Біз – сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасының парақшасына қош келдіңіз!

Біз мұнда мұғалімдерді, оқушылар мен олардың ата-аналарын көруге қуаныштымыз. Бағдарламаның басты мақсаты – балалардың бойында олар өмір сүретін әлемге жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастыру, олардың көңілі мен қамқорлығын мұқтаж ететіндерге қарайласуды үйрету.

«Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы 6–11 жастағы балаларға арналған. Бағдарламаны меңгеру арқылы балалар үй жануарлары және оларды қолға үйрету тарихы туралы көбірек біліп, оларды жақсырақ түсінуді, тәрбиелеуді және олардың денсаулығына күтім жасауды үйренеді.

Жануарлармен қарым-қатынас біздің физикалық әл-ауқатымызды анағұрлым жақсартып, жануарларға ғана емес, адамдарға да қарайласып, олардың қуанышы мен қайғысына ортақтасуға, сезінуге үйрететіні ғылыми дәлелденген. Біздің бағдарламаға қатысу барлығына – балаларға, ата-аналарға және мұғалімдерге пайдалы болмақ. Себебі әрқайсымызға да кейде бұл әлемге ашық әрі мейірімдірек болу жетіспейді.

Серіктестер